25 қараша 2021 12:42

Қазақстандық колледждерде 50 мамандық жабылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Білім және ғылым министрлігі сұраныста емес 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Білім және ғылым министрлігі сұраныста емес 50 мамандық бойынша колледждерге қабылдауды тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ведомство техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) мамандықтары мен біліктіліктерінің жаңа классификаторын әзірлеп, бекітті. Бұл өзгерістер колледждерде оқытылатын мамандықтар еңбек нарығының қазіргі сұраныстарына сәйкес келуі үшін жасалған. 

Оқу процесіне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізіліп жатқаны аталып өтілді. Мәселен, колледждерде сынама іріктеуші, шам жасаушы, гувернер, заңгер-консульт және тағы басқа мамандықтар бойынша қабылдау тоқтатылды. Сондай-ақ, классификатордан  "Білім беру ұйымының зертханашысы", "Патенттану" және басқа да мамандықтар алынып тасталды.

ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Насымжан Оспанованың айтуынша, басты мақсат - білім беру бағдарламалары мен оқытылатын мамандықтарды жұмыс берушілердің заманауи сұраныстарына сәйкестендіру.

"Талдау жұмыстарын жүргізіп, еңбек нарығына мониторинг жүргіздік. Жұмыс берушілермен және салалық қауымдастықтардың өкілдерімен кездестік. Олардың ұсыныстарын ескере отырып, мамандықтар классификаторын жаңарттық. Енді қазақстандық колледждерде "Робототехника және ендірілген жүйелер", "Наноматериалдар негізіндегі бұйымдар технологиясы", "Өндірістің аддитивті технологиялары", "Қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе", "Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері", "Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру" және басқа да жаңа мамандықтар оқытылады", – деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети