23 қыркүйек 2014 19:29

Қазақстандық мектеп оқушылары ұлттық тестті үш рет тапсырады - Білім министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews © Tengrinews ©

Қазақстандық мектеп оқушылары ұлттық тестті үш рет тапсырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.


Қазақстандық мектеп оқушылары ұлттық тестті үш рет тапсырады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаевқа сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР білім беру жүйесі бойынша кейбір заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге" арналған заң жобасына сәйкес бұл жаңалықты 2016 жылдан бастап енгізеді. 

"2016 жылдан бастап бастауыш, негізгі және арнайы мектептерде ұлттық тест енгізіледі. Бастауыш мектептерде - таңдамалы түрде білім алып жатқан оқушының деңгейін анықтап, мониторинг жасау үшін тест өтеді. Негізі мектепте (оныншы сыныптан кейін) - оқушының алдағы білім алу бағытын анықтау үшін мақсатты түрде, арнайы мектептерде - білім алған деңгейі мен ептілігін анықтау үшін мақсатты түрде тест алынады", - дейді Балықбаев. 

Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өзгертулерінің ішінде баланы алты жастан бастап мектепке қабылдау туралы ұсыныс бар. 

Еске салайық, бұған дейін мамандар ҰБТ-ны бірнеше мәрте тапсыру туралы ұсынған. Олардың ойынша ҰБТ тапсыру ата-аналар мен тест тапсырып жатқан мектеп бітірушілерге кері әсерін тигізеді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети