22 сәуір 2016 16:55

Қазақстандық мектептер үштілділікке қалай өтеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның үштілділікке қалай өтетінін түсіндірді. Қазақстан 1 қыркүйектен бастап білім берудің жаңа жүйесі бес күндік оқу аптасына кезең-кезеңмен өтеді, бастапқыда бұл жүйеге бірінші сынып оқушылары көшеді.


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның үштілділікке қалай өтетінін түсіндірді. Қазақстан 1 қыркүйектен бастап білім берудің жаңа жүйесі бес күндік оқу аптасына кезең-кезеңмен өтеді, бастапқыда бұл жүйеге бірінші сынып оқушылары көшеді.

"Ешкім мектеп пәндеріндегі үштілділікті 1 қыркүйектен бастап міндетті түрде енгізейін деп отырған жоқ. Бағдарламаға сәйкес, тек 10-11 сыныптарда және тек 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, төрт пәннен ғана (физика, химия, биология, информатика) сабақтар ағылшын тілінде өтеді. Бұл аптасына 8 сағат деген сөз.Сонымен қатар, қазақ тілінде білім беретін мектептерде: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, география және басқа пәндер қазақ тілінде өтеді. Барлығы 16 сағат. Мен мұны мамандарға айтып отырмын. Оқудың 22 сағатының 14 сағаты қазақ тілінде өтіп, оған қоса 3 сағат дене шынықтыру пәні қосылады. Және де таңдау пәндері бар. Оқу қай тілде болмасын орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы пәндері орыс тілінде өтеді. Орыс мектептерінде де осылай. Және бұл төртінші жылы болады. Тек жоғары сынып оқушылары үшін", - деп түсіндірді ол.

"Қалған сыныптарда бүгінгі базалық жүйе қалады. Балалардың жоғары мектепте үштілділікке дайын болуы үшін тілдерді үйрету күшейеді. Біз мектептерге оқушылардың пәндерді үш тілде үйренулеріне мүмкіндік береміз. Бұл мектептердің оған қай уақытта дайын болатынына байланысты. Мұғалімдерді жаппай дайындау осы жылы басталады. Біздің айтып отырғанымыз, аудандардағы жұмыс қызып жатыр. Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыстың нәтижесіне қараңдар. Қызылорда мен Ақтөбеде де біраз жұмыс атқарылды", - деді ол.

Сағадиевтың айтуынша, үштілділік қазақ тілін үйренуге және мектептерде ағылшын тілін білетін мұғалімдердің қаншалықты жеткілікті екенін көрсетеді. Министрдің қойылған сұрақтарға жауабын сұхбаттан оқуға болады.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети