06 қыркүйек 2021 14:49

Қазақстандық министр электрмобильге көшті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марат Бекетаев. Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Марат Бекетаев. Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Журналистер әділет министрі Марат Бекетаев электркарда жүргенін байқады. Ведомствоның баспасөз қызметі жаңа қызметтік көліктің үнемді екенін және оған тек министр ғана емес, оның орынбасарлары да көшкенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Журналистер әділет министрі Марат Бекетаев электркарда жүргенін байқады. Ведомствоның баспасөз қызметі жаңа қызметтік көліктің үнемді екенін және оған тек министр ғана емес, оның орынбасарлары да көшкенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, шын мәнінде, әділет министрі, сондай-ақ вице-министрлер жақында отандық автоөнеркәсіп шығарған электрмобильдерді қызметтік автокөлік ретінде пайдаланады", - деп растады министрліктегілер.

Баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметтік көлікті күтіп ұстау, шығындарды азайту және елдегі экологиялық проблемаларға, әсіресе ауа сапасына назар аудару туралы тапсырмасы осы көлікті таңдауға себеп болғанын айтты.

"Үнемдеуге қатысты электрмобильдерді пайдалану электр энергиясының шығындарымен салыстырғанда бұрын бензинге бөлінген бюджет қаражатын 3 есеге қысқартуға мүмкіндік береді. Ведомство әкімшілік шығындарды оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарғанын атап өткен жөн: республика бойынша 109 қызметтік автокөлік қысқартылды", - деді ведомство өкілі.

Электркардың құны, сондай-ақ Әділет министрлігінде бар көліктердің жалпы саны айтылмаған, бірақ министрдің көлігінің суреті ұсынылған.

"СарыарқаАвтоПром" ЖШС сайтының мәліметінше, электркар құны 15 миллион теңгеден сәл аз.

"Экологияға ұқыпты қарау - бұл жаһандық тренд. Мысалы, Еурокомиссия 2035 жылдан бастап электрмобильдерге толық көшуді және Еуроодақ аумағында дәстүрлі отынмен жүретін автомобильдер шығаруға тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, Қазақстан астанасындағыдай ірі қалалардың қарқынды қозғалысы қоршаған ортаға барынша аз зиян келтіру үшін инновациялық шешімдерді талап етеді. Сондықтан, біз отандық электрмобильдерді таңдадық", - деп толықтырды министрлік өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети