03 ақпан 2023 08:56

Қазақстандық мұнайшы Грузия премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:kmg.kz Фото:kmg.kz

Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары - экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық мұнайшы Жақып Марабаев Грузия премьер-министрінің орынбасары - экономика және тұрақты даму министрінің кеңесшісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

2023 жылдың 30 қаңтарында халықаралық сарапшы Жақып Марабаевпен консультациялық қызмет көрсету туралы келісімге қол қойылған.

Жақып Марабаев Грузия үкіметінің кеңесшісі ретінде ұлттық мұнай стратегиясын әзірлеу, осы саладағы ірі инвесторлармен қарым-қатынасты басқару және геологиялық зерттеулерді жаңарту бойынша кеңес беретіні хабарланды.

Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің сайтында Жақып Марабаевтың тәжірибелі менеджер, Қазақстанның және Еуразиялық аймақтың мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарда 40 жылдан аса тәжірибесі бар кәсіби маман екені атап көрсетілген.

Жақып Марабаев Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын және Мәскеу мемлекеттік басқару университетін бітірген.

Әр жылдары "ҚазМұнайГазда" жұмыс істеген, соңғы лауазымы - "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.68   490.7   4.99 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети