1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанда қашықтан оқиды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алатынын мәлімдеді,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білесіздер, жаңа оқу жылына дайындық бойынша тапсырма берілді. Қазіргі эпидемиологиялық жағдай оңай емес. (...) Қауіп - қатерді ескере отырып, 1 қыркүйектен бастап шағын мектептерді қоспағанда, бірінші тоқсанды қашықтан өткізу туралы шешім қабылданды", - деді Аймағамбетов ОКҚ-да.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарының барлық сыныбы үшін қашықтан оқытуды қарастыруды ұсынған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!