24 қазан 2023 11:40

Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.

"Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше рет тапсырма беріп еді.

Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондықтан, түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берген.

"Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады. Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді", - делінген жазбада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети