30 қыркүйек 2020 18:26

Қазақстандық өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі Фото: Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Еуразиялық патенттік ұйым қазақстандық өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуразиялық патенттік ұйым қазақстандық өнертапқыш Төрегелді Шарманов алтын медальмен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30 қыркүйекте Еуразиялық патенттік ұйым "Өнертапқыштық және патенттік іске қосқан үлесі үшін" Виктор Блинников алтын медалімен медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының және Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, өнертапқыш Төрегелді Шарманов және тау-кен және мұнай саласындағы жетістіктерімен танымал Satbayev University марапатталды.

"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және KAZPATENT Төрегелді Шарманұлын және Satbayev University қызметкерлерін лайықты марапаттарымен құттықтай отыра, зияткерлік меншік саласындағы кәсіби қызметінде сәттілік тілейді", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Виктор Блинников атындағы медалі Еуразиялық патенттік конвенцияға қатысушы мемлекеттер үшін өнертапқыштық қызметке және өнертабыстардың құқықтық қорғауын дамытуға елеулі үлес қосқан адамдарға беріледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети