14 қазан 2014 | 08:49

Қазақстандық полицейлер мен ғалымдар 85 мың долларға көлік сатып алғалы жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Ақтөбе облысы ІІД мен бұрын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қараған "Геофизикалық зерттеулер институты" 85 мың доллардан жоғары бағаға жол талғамайтын көліктер сатып алғалы жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысы ІІД мен бұрын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қараған "Геофизикалық зерттеулер институты" 85 мың доллардан жоғары бағаға жол талғамайтын көліктер сатып алғалы жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР мемлекеттік сатып алу порталының мәліметіне сілтеме жасап.

Полицейлер сатып алғалы жатқан автокөлік 15,6 миллион теңге (85,7 мың доллар) тұрады. Ақтөбе облысы ІІД-нің лоты 9 қазанда жарияланған. Арыздар 30 қазанға дейін қабылданады. Полицейлерге кіші көлемді, комплектациясы жетілдірілген көлік талап етіледі. Ал ҚР ИЖТМ "Геофизикалық зерттеулер институты" ғалымдары 17 миллион теңгеге (93,7 мың доллар) көлік сатып алмақшы. Оларға да комплектациясы жетілдірілген көлік талап етіледі.

Жол талғамайтын көліктен басқа, мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық шенеуніктер қымбат көлік сатып алуды жалғастыруда. Рудный қаласы әкімдігінің "КҮН" мемлекеттік коммуналды кәсіпорны "Е классындағы жоғары комплектациялы жеңіл автокөлік" сатып алуға лот жариялаған. Автокөліктің бағасы 8,5 миллион теңгеден жоғары.

Қазақстанда жол талғамайтын көлікке полицейлер мен ғалымдар ғана қызығушылық білдіріп отырған жоқ. Бұған дейін Алматы облысы құтқарушылары 19 миллион теңгеге автокөлік сатып алғалы жатқаны туралы хабарланған болатын. "Біз сатып алатын техниканың бәрі апаттан құтқару жұмысын жасауға алынады", - деді бұл туралы ТЖД өкілі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети