Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Құтқарушылар 19 млн теңгеге қымбат көлік сатып алмақшы

17 Маусым 2014, 19:13
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті 19,2 млн теңгеге қымбат көлік сатып алғалы жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік сатып алулар сайтындағы лоттың сипаттамасында көрсетілген.

Алматы облыстық ТЖД жол талғамайтын көлік сатып алатыны туралы хабарландыруды 11 маусым күні жариялаған. Тапсырыстар 19 маусымға дейін қабылданады. Құтқарушылар жиынтықталуы жетілген автокөлікті қажет етіп отыр. Қымбат көлік келісімшартқа қол қойылғаннан кейін 30 күн ішінде жеткізілуі тиіс. "Біз сатып алатын барлық техника апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажет", - деп хабарлады департамент мамандары толығырақ түсініктеме беруден бас тартып.

Бұған дейін Қорғаныс министрлігінің өкілдері 23,2 млн теңге тұратын қымбат көлікті не себепті сатып алатынын түсіндірген еді. Екі Land Cruiser 200 көлігі арнайы жасақ мамандары үшін сатып алынатын болып шықты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, двигателінің көлемі төрт литр болатын джиптер Қазақстанда өндірілмейді. Ал Қарағанды әкімдігінің өкілдері Land Cruiser 200 қызметтік көлігін күту үшін 5 млн 282 мың теңге жұмсағалы отыр. Алматы шаруашылық басқармасы да 7 және 5 млн теңге тұратын екі көлік сатып алуға конкурс жариялаған болатын.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай