06 қараша 2015 12:25

Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тәңірберген Хажиев. © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі Тәңірберген Хажиев. © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық продюсер Тәңірберген Хажиев өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан кино өнері ауыр қазаға ұшырады. Белгілі кинопродюсер, Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан кинематографистер одағының мүшесі, профессор - Тәңірберген Ыбырайұлы Хажиев өмірден өтті", - делінген "Қазақфильм" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Институтты тәмамдағаннан кейін Хажиев "Қазақфильм" киностудиясына жұмысқа тұрып, кей жылдары кинокартина директорының орынбасары, картина директоры болды. Сонымен қатар, "Қазақфильм" киностудиясын басқарды. Ол 1997-2000 жылдары "Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені" деректі фильмдерінің директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, Хажиев 20-дан аса толық метражды көркем фильмді шығаруға ат салысқан. Сонымен қатар, ол Қазақстан кино өндірісіне продюсерлік негізді енгізген бастамашылардың бірі болған. Хажиев "Аллажар", "Каждый взойдет на Голгофу", "Кунә", "Махамбет", "Әкем екеуміз", "Біржан сал", "Жерұйық", "Дәмелі" сынды фильмдердің продюсері болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети