Қазақстандық Сирияға барып, қыздарын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге бермек болған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Астанада терроризмді насихаттаған қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада терроризмді насихаттаған қазақстандық сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерін терроризмді қолдауға бағытталған материалдар мен идеологияны тарату үшін пайдаланған, сондай-ақ, Сириядағы лаңкестік топқа қатысуға бағытталған әрекеттерді дайындаған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні Алматы әуежайы аумағында Түркия арқылы Сирияға ұшпақ болған кезінде ұстаған.

"Басты сот талқылауында сотталушы Telegram чатында діни себептермен қарулы қақтығыстар туралы оң пікір айтқаны, сондай-ақ, кәмелетке толмаған екі қызын лаңкестік топ мүшелеріне күйеуге беру үшін Сирияға баруды талқылағаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұлтартпас дәлел ұсынып, күдіктінің телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, терроризмді насихаттау және террористік топтың әрекетіне қатысуға дайындалу ниетін дәлелдеді", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен кінәлі адамға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Астана қаласының прокуратурасы террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу мүлкін тәркілеп, 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын, ал терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соғатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer