01 қаңтар 2021 15:56

Қазақстандық теңіз шекарашылары Түркия азаматын құтқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңізші-шекарашылар соқырішекпен ауырған Түркия азаматын құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Теңізші-шекарашылар соқырішекпен ауырған Түркия азаматын құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің Ақтау шекара кемелері мен катерлер дивизионы "Сарбаз" шекара кемесінің экипажы Түркия азаматын құтқару бойынша кешенді операция жүргізді. Ол әзербайжандық "Академик Гасан Алиев" паромында болған.

SOS көмегі туралы сигнал Әзербайжан кемесінің командирінен радио арқылы жеткен. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып, алдын ала диагнозы соқырішек деп қойылды.

Хабарламаны алған теңіз шекарашылары бірден паромға қарай бағыт алған, олар 2 метрден аса толқынмен және қатты желмен қозғалуға мәжбүр болған.

4 сағат бойы экипаж кемеге байланыспай, науқасты шығара алмаған. Кеме командирі науқасты "Сарбаз" шекара кемесінің бортына жеткізу туралы қауіпті шешім қабылдады. Гидротехникалық құрылыстардың шалғайлығына және Құрық портында байлау мүмкіндігі болмағандықтан, борттағы қайықтың экипажы науқас жолаушымен бірге ең қысқа маршрут бойынша қозғалып, жабдықталмаған жағаға шығуға шешім шығарған.

Салдарынан науқасты құтқару операциясы алты сағатқа созылған. Жағада науқасты жедел медициналық көмек дәрігерлері мен "Кендерлі" шекара бөлімінің әскери қызметшілері күтіп алған. 

Жаңаөзен қалалық ауруханасында науқасқа асқазан жарасы диагнозы қойылып, шұғыл операция жасалды.

Әзербайжан Республикасының консулдығы қазақстандық шекарашыларға уақтылы және шебер әрекеттері мен жолаушыны құтқарғаны үшін ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети