28 мамыр 2022 13:42

Қазақстандық туристер Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы Сурет: ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасы

6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына сілтеме жасап. 


6 қазақстандық турист тауға жорық кезінде Қырғызстан шекарасын заңсыз өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы департаментінің Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасына сілтеме жасап. 

"2021 жылы шекара қызметі мемлекеттік шекарадан 6 заңсыз өту дерегін тіркеді. Адамдар туристік мақсатта Алматы асуы арқылы Үлкен Алматы шатқалына шыққан. Оған барар жолда мемлекеттік шекарадан 300 метр қашықтықта орналасқан Алматы көліне барған. Көл географиялық жағынан Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

6 адамға қатысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын бұзғаны үшін ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 

Осыған ұқсас заңбұзушылық дерегі 2022 жылы да тіркелген.

Ақпарат бойынша, туристер мына маршрут бойынша жүрген: Дулати даңғылы - "Іле-Алатау" МҰТП экопосты - Үлкен Алматы көлі - Космостанция - Турист шыңының солтүстік-батыс беткейі - Проходное шатқалы - Алагир өзенінің оң саласы - Проходная өзені - Проходная асуының кең аңғары.

Шекара басқармасының өкілдері аталған маршрутта шекарадан өту орны көрсетілген ақпараттық таблолар, "шекаралық аймақ" деген жазуы бар көрсеткіш бағаналар бар екені, бұдан басқа ҚР Мемлекеттік шекарасы шекаралық белгімен белгіленгенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети