06 наурыз 2016 14:12

Қазақстандық туристер Сеул әуежайының жертөлесінде үш күн бойы сусыз өмір сүрген - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Қазақстандық және ресейлік туристер Сеул әуежайының жертөлесінде үш күн бойы сусыз өмір сүруге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Байкал-Daily. Басылымның мәліметінше, туристерді Оңтүстік Кореяға себебін айтпастан кіргізбей қойған, ал үш күннен кейін депортациялаған. Ал осы үш күнде олар жертөледе жатқан.


Қазақстандық және ресейлік туристер Сеул әуежайының жертөлесінде үш күн бойы сусыз өмір сүруге мәжбүр болған, - деп хабарлайды Байкал-Daily. Басылымның мәліметінше, туристерді Оңтүстік Кореяға себебін айтпастан кіргізбей қойған, ал үш күннен кейін депортациялаған. Ал осы үш күнде олар жертөледе жатқан.

Нақтырақ айтқанда, ресейліктерге аудармашы қызметін ұсынбаған және елшімен кездесуге мүмкіндік бермеген. Күту бөлмесінен түсірілген видеоны Михаил есімді ресейлік LifeNews редакциясына жолдаған. Ол өзімен бірге Қазақстан азаматтарының да бар екенін мәлімдеген. 

"Мұнда Ресейден, Қазақстаннан және Моңғолиядан туристер бар", - дейді видео авторы.  

Михаилдың айтуынша, онымен бірге отандастары да, Сирия мен Мысырдан келген босқындар да болған. Олардың ешқайсысында туыстарымен байланысу мүмкіндігі жоқ екен, себебі бөлмеде байланыс болмаған. Сонымен қатар, оларға тамақ та берілмеген. Азық-түлік тауарлары доллармен бағаланған: "Доширак" - 10 доллар, ал өзгелерге тегін берілген гамбургер де ресейліктерге 10 доллардан сатылған. Үш күн өткеннен кейін ғана бөлмедегілердің бірі Wi-Fi-ға қосылып, Ресеймен байланысқа шыққан. 

Осыдан кейін оны да, өзге ресейліктерді де отанына ұстау себебін түсіндірместен жөнелткен. YouTube порталында ненорматив сөздер айтылғандықтан "Байкал-Daily" жария ете алмайтын тағы бір видео бар. Онда жертөледегі бөлмелердің бірінде туристердің жатқанын көруге болады. Адамдардың отыратын да жері жоқ, еденде ұйықтап жатқандарын көруге боалды. 

Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне осы жағдайды түсіндіруін сұрап, хат жазды. "Біз бұл мәліметті тексереміз", - деп пікір білдірді министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети