29 маусым 2021 | 15:18

Қазақстандық университеттер вакцина салдырған студенттерге жеңілдік жасауға уәде берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер арасында вакцинацияны қолдау акциясын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметі бойынша, COVID–19-ға қарсы екпе алған студенттер жоғары оқу орындарының мүмкіндіктеріне байланысты оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер алып, түрлі сыйлықтарға ие болады.

"Осылайша, жоғары оқу орындары халықтың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялау қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды. Тек студенттер ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының екпе салдырған оқытушылары да материалдық ынталандыруға ие болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, М. Әуезов атындағы ОҚУ, М. Өтемісов атындағы БҚУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вакцинациялауды қолдау бойынша акцияларды бастап кетті. Бірқатар жоғары оқу орнының студенттері үшін оқуға, жатақханаларда тұруға жеңілдіктер, сауықтыру шипажайларына тегін жолдамалар, тегін тамақтану және қоғамдық көлікті пайдалану талондары қарастырылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жоғары оқу орындары вакцина алған студенттер үшін шет тілдері, компьютерлік сауаттылық және кәсіпкерлік дағдыларды дамытатын тегін курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, екпе салдырған кейбір университеттердің студенттері фитнес залдарына, бассейнге, театрға, кинотеатрға және концерттерге тегін бара алады.

Көрсетілген жоғары оқу орындарының оқытушылары да назардан тыс қалмады. Вакцинацияланған оқытушылар қосымша ақы немесе ақылы демалыс алады.

"Жоғары оқу орындарын коронавирустың елде таралуы алаңдатып отыр. Вакцинация мәселелері мен оның шешілу жолдарын жоғары оқу орындарының өздері қабылдайды. Министрдің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындары студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға шақырып, ынталандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл акция біздің азаматтардың санасын оятуға көмектеседі деп сенеміз. Біз бірлесе отырып, қауіпті вирусты жеңе аламыз және карантин мүмкіндігінше тез аяқталады деп үміттенеміз. Басқа жоғары оқу орындарын да вакцинацияны қолдау үшін ынталандыру шараларын ұйымдастыруға шақырамыз. Себебі, бұл коронавирустың тарауын тоқтатудың жалғыз жолы", - деді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында вакцина алғандардың пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар екені хабарланған болатын.

Кейін Алматы аудандарының бірінде БАӘ-ге жолдама ойнатылатыны айтылды. Сондай-ақ, бұған дейін вакцина салдырғандар арасында смартфондар мен тұрмыстық техника ойнатылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная