24 маусым 2021 10:35

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Іnstagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алтай Көлгіновтың айтуынша, коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша штаб отырысы өткен. Ол орынбасарлары мен басқарма басшыларына және аудан әкімдеріне вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін жоғары деңгейде түсіндіру үшін жекелеген жауапкершілік жүктегенін айтты.

"Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін қала халқының 60 пайыздан астамы вакцина салдыруы қажет. Санитария дәрігерлер қосымша карантин шектеулері туралы жаңа қаулы дайындап жатыр: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті, вакцина алмаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру және т.б. талап етіледі", - делінген жазба сипаттамасында.

Сонымен қатар, Алтай Көлгінов қала тұрғындарын ынталандыру үшін бағалы сыйлықтар ұтысы өткізілетінін айтты. Жаңадан вакцина алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ойнату жоспарланған (инвесторлар есебінен). Ұтыс ойынына қала емханаларында немесе сауда орталықтарындағы пунктте екпе алған қала тұрғындарының бәрі қатыса алады.

"Пәтер ұтысына биыл 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцина алғандарды толық қамту үшін (көрсетілген кезеңде) IT-қоғамдастық жұмылады", - деді Нұр-Сұлтан әкімі.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі соңғы күндері тұрғындардың вакцина алуға деген белсенділігі артқанын айтты.

"Қала тұрғындары осылайша өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай бастады әрі "дельта" штамының қаупін түсінді. Вакцинация – пандемиямен күрестегі жалғыз, тиімді әдіс!", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети