24 маусым 2021 11:27

Алматыда вакцина салдырғандар арасында БАӘ-ге жолдама ойнатылады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде Біріккен Араб Әмірліктеріне екі адамға жолдама ойнатылып жатыр. Акция 11 шілдеге дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде Біріккен Араб Әмірліктеріне екі адамға жолдама ойнатылып жатыр. Акция 11 шілдеге дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева Instagram-парақшасында жариялады.

"Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары мен қонақтары! Біздің "вакцина ал - жүлде ал" науқанымыз жалғасып жатыр. Екпенің бірінші компонентін салдырып, БАӘ-ге екі адамға жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз. Сертификатты қолайлы уақытта пайдалану мүмкіндігі беріледі. Науқан 24 маусымда басталып, 11 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздарды тікелей эфирде анықтаймыз", - делінген жазба сипаттамасында.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылатынын хабарлаған болатын. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети