06 тамыз 2020 14:26

Қазақстандықтар 10 тамыз, Абай күнінде демала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

10 тамыз Қазақстанда жаңа мереке - Абай күні болып бекітілді. Қазақстандықтар жаңа мереке жұмысшылар үшін демалыс күні бола ма деген сұраққа қызығушылық танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


10 тамыз Қазақстанда жаңа мереке - Абай күні болып бекітілді. Қазақстандықтар жаңа мереке жұмысшылар үшін демалыс күні бола ма деген сұраққа қызығушылық танытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер еңбек заңнамасына сәйкес мереке күндері деп есептеліп, жұмыс істемейтін күндер болып саналады. 

Ондай мерекелерге "Жаңа жыл", "Конституция күні", "Тәуелсіздік күні" және тағы басқасы жатады. 

4 тамызда "ҚР мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізілді:

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

"22-1. Абай күні – 10 тамыз".

Осылайша, жаңа мереке "Шахтер күні", "Отбасы күні", "Құтқарушы күні" және басқа да демалыс күндері болып саналмайтын мереке тізіміне енді.

Еске салайық, 2020 жылы Қазақстанда қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175-жылдығы тойланады.  

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети