Қазақстандықтар 25 триллион теңге несие алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 25 триллион теңге несие алған Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтардың несие жүктемесі артып барады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторындағы несие көлемі 25 триллион теңгеге жетті, бұл ретте портфельдің үштен екісінен астамы тұтынушылық қарыздарға тиесілі. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстандықтардың несие жүктемесі артып барады. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторындағы несие көлемі 25 триллион теңгеге жетті, бұл ретте портфельдің үштен екісінен астамы тұтынушылық қарыздарға тиесілі. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оның айтуынша, Үкімет жұмысының бағыттарының бірі - борыштық жүктемені азайту және халықтың қаржылық белсенділігін арттыру. Ұлттық экономика министрлігі бұл жұмысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп жүргізіп жатыр.

"Бұл жерде халықтың несие жүктемесіне және тұтынушылық несиелердің өсуіне жеке тоқталғым келеді. 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторының несиелері 25 триллион теңгеге жетті. Оның үштен екі бөлігінен астамы, яғни 10 триллион теңгеден астамы дәл осы тұтынушылық қарыздар. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп барады", - деді Әмрин.

Бірінші несие бюросының талдау орталығы деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халықтың барлық ұйым алдындағы қалдық берешегі 27,5 триллион теңге болған. Орта есеппен бір қарыз алушыға 4,4 несиеден келеді, ал екі және одан да көп несиесі бар борышкерлердің үлесі 76 пайыз болады.

"Бұл - тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін айтарлықтай күрделі жағдай", - деді бірінші вице-министр.

Ұсынылып отырған шаралардың қатарында - банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы тұтынушылық несиелер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, тұтынушылық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті деңгейін есептеу әдістемесін қайта қарау, сондай-ақ қаржылық қызметтер көрсету кезінде жосықсыз тәжірибелерді болдырмау талаптарын енгізу бар.

Сонымен қатар, сөз қосымша қызметтерді таңу және маңызды шарттарды жасыру туралы болып отыр. Несие берілмес бұрын банктер мен несие ұйымдары қарыз алушыға несие шарттары туралы түсінікті жадынама ұсынуға міндеттеледі.

Бұдан бөлек, азаматтардың жекелеген санаттары, соның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жеке тұлғалардың банкроттық рәсімін жеңілдету ұсынылады.

Мән-жайы

Бұған дейін Қазақстанда неге тұтынушылық несиелерге шектеулер енгізілмек екенін талдаған болатынбыз. Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы 1 сәуірде банк секторының халыққа берген несиелері 25,067 триллион теңгеге жеткен, ал тұтынушылық қарыздар портфелі 2022 жылдың басынан бері 6,132 триллионнан 16,854 триллион теңгеге дейін өскен.

2026 жылғы 1 қаңтарда халықтың бюроға ақпарат беретін ұйымдар алдындағы берешегі 27,5 триллион теңге болды. Портфельді 39,4 миллион несиесі бар 8,95 миллион қарыз алушы құраған. Екі және одан да көп несиесі бар борышкерлердің үлесі 76,9 пайызға жетті.

Сондай-ақ, қазақстандықтар несиені, ипотеканы, бөліп төлеуді немесе микроқарызды төлей алмай қалған жағдайда не істеу керек екенін жазған болатынбыз. ҚНРДА жасырынбай, керісінше несие берушіге қайта құрылымдау туралы өтінішпен жүгінуге және қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса беруге кеңес береді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +18
Ақтау +24
Ақтөбе +15
Атырау +21
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +21
Қызылорда +22
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +22
Т
Талдықорған +21
Тараз +23
Түркістан +18
О
Орал +22
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер