Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтар 4,4 жылға ұзақ өмір сүретін болыпты

22 Тамыз 2016, 12:09
1
© informvest.net
© informvest.net

Тәуелсіздік жылдарында қазақстандықтардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 4,4 есеге ұлғайып, 2015 жылдың нәтижесі бойынша 72 жасты құрады (1991 жылы бұл көрсеткіш 67,6 болатын), - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай көрсеткішке ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" және Денсаулық сақтау саласын реформалаудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізілгені айтылады.

Халықтың туу көрсеткіші 8,2 пайызға өсті, ол 2015 жылдың нәтижесі бойынша 1000 тұрғынға шаққанда 22,72-ні құрады (1991 жылы - 21).

Ана мен сәби өлімі сәйкесінше 5,4 жән 3 есеге төмендеді (1991 жылы ана өлімі - 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 67,2-ден 2015 жылы 12,5-ге дейін, сәби өлімі - 1991 жылы 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 27,4-тен 2015 жылы 9,39-ға дейін).

Тәуелсіздік жылдарында жалпы өлім-жітім көрсеткіші 6 пайызға төмендеді (1000 тұрғынға шаққанда 1991 жылы 8-ден 2015 жылы 7,52-ге дейін). Бұл көрсеткіш негізгі себептерден туындайтын өлім-жітімді азайту арқылы жүзеге асты: қан айналымы жүйесінен болатын өлім 1,9 есеге (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 361-ден 2015 жылы 193,8-ге дейін), қатерлі ісік ауруларынан 33%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 137,4-тен 2015 жылы 92-ге дейін), қайғылы оқиғалар салдарынан, жарақаттану мен уланудан 23,1%-ға (1991 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін),

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі халықтың денсаулығын нығайту мақсатында өз қызметін өлім-жітімнің негізгі себебі болатын ауруларды ерте кезеңде анықтау мен емдеу, олардың алдын алуға негізделген басым міндеттерді орындауға бағыттады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының аясында ауруларды басқару мен оның профилактикасын жетілдіру бойынша жұмыс әрі қарай жалғасады. 

Еске салайық, 2020 жылға дейін күтілетін өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту - "Денсаулық" бағдарламасының мақсатты индикаторы.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай