Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар 6 миллиард теңгеге VIP-нөмір сатып алған

Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.


Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілгенін хабарлады.

"Ең қымбат нөмірлер - 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Яғни, әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация.

VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарынан түскен. Соңғы бір жылда алматылық көлік иелері 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +20
Ақтау +28
Ақтөбе +30
Атырау +34
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +24
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +24
П
Павлодар +23
Петропавл +29
С
Семей +30
Т
Талдықорған +29
Тараз +22
Түркістан +34
О
Орал +30
Ө
Өскемен +26
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер