02 мамыр 2017 15:07

Қазақстандықтар біздің дәстүріміз бен заман талабына сай киім киюі тиіс - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар біздің дәстүріміз бен заман талабына сай киім киюі тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандықтар біздің дәстүріміз бен заман талабына сай киім киюі тиіс. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ҚМДБ басшыларымен кездесу барысында сақалдарын өсірген және шалбарлары қысқартылған жігіттердің, сондай-ақ қара киім киген қыздардың сыртқы келбеті біздің дәстүрімізге сай келмейтінін айтты.  

"Әрине, бізде әр азаматтың өз қалауынша киінуіне құқық сақталады. Сонымен бірге, біздің халқымызға тән емес ережелерге бағынатын азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет", - деп атап өтті Ермекбаев.
Министр өз азаматтары мен шетелдік туристердің киімдеріне қатал талап қойылған Таяу Шығыс елдерін мысалға келтірді. Оған қоса, діни ұстанымдары өзге адамдар осы елдерге келіп, сыртқы келбетке қатысты қабылданған ережелерге бағынады.  

"Бұл өте маңызды, кінәмшіл мәселе. Біз оны сарапшылармен және мамандармен бірге жан-жақты пысықтаймыз. Үкімет пен азаматтық қоғам дұрыс, салмақты шешімге келеді", - деп түйіндеді Н.Ермекбаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы қысқа балақ пен сақал қоюға тыйым салу керектігін айтқан еді. "Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді", - деген еді Назарбаев.

Кейін Дін істері комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Күлекеев елімізде қара киім киюге тыйым салады делінген заң жобасы Парламентке күзде түсетіні жайлы пікір айтқан еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети