25 желтоқсан 2020 14:47

Қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрлігінің шектеулеріне байланысты сотқа арызданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтандағы апелляция соты қазақстандықтардың Денсаулық сақтау министрлігіне айтқан шағымдарын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтандағы апелляция соты қазақстандықтардың Денсаулық сақтау министрлігіне айтқан шағымдарын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, қазақстандықтар Денсаулық сақтау министрінің бұйрығында айтылған санитарлық ережелердің тармақтарын заңға және ҚР Конституциясына қайшы екенін айтып, арызданған.

"Арызданушылар бұл шешімге Нұр-Сұлтан қаласының сотына жеке қорғаныс құралдары мен антисептиктерді, соның ішінде медициналық маскаларды тағуды, 65 жастан асқан адамдарға таңдап салынған шектеулерін қолдануды көздейтін санитарлық ережелер азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзады және денсаулық сақтау министрі оларды бекітуге өкілеттігі жоқ деп мәлімдеді.

Апелляция бұл дәлелдерді негізсіз деп таныды және бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгеріссіз қалдырды", - делінген соттың хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети