03 наурыз 2022 17:09

Қазақстандықтар доллар шығарып ала ала ма? "Сбербанк" өкілдері жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Сбербанк" қазақстандық клиенттер доллар шығарып ала алмайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сбербанк" қазақстандық клиенттер доллар шығарып ала алмайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ресейлік "Сбербанктің" Қазақстандағы салымшылары шетел валютасымен, дәлірек айтсақ доллармен ақша ала алмайды деген ақпарат тарады.

"Жоқ, бұл жалған ақпарат. Клиенттер бұрынғыдай өз қаражаттары мен қызметтеріне толық қол жеткізе алады. Сондай-ақ, клиенттер теңгемен және шетел валютасымен есеп айырысып, аударымдарды жүзеге асыра алады. Клиенттер "Сбербанк" қызметтерін бөлімшелерде де, Sber KZ онлайн режимінде де ала алады. "СберБизнес" мобильді қосымшалары, сондай-ақ басқа да сервистік арналар арқылы салымшылардың жинақтарын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырған", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

"Сбербанк" АҚ банкі әдеттегідей жұмысын жалғастырып, клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерін орындап жатқаны хабарланды.

"Бүгінгі таңда жеке тұлғалар үшін шоттарды алу және толықтыру, тауарлар мен қызметтерді төлеу, ұлттық және шетелдік валютада аударымдар, валюта айырбастау операциялары қолжетімді. Барлық төлем жүйелерінің, соның ішінде VISA және MasterCard карталарының пластикалық карталарымен операциялар әдеттегідей жүзеге асырылады", - деп түсіндірді банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети