26 сәуір 2015 | 07:01

Қазақстандықтар ел президентін сайлап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews ©Tengrinews

Қазақстандықтар ел президентін сайлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы жетіде республикада сайлау учаскелері ашылды. Олар 20.00-ге дейін жұмыс істейді.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар ел президентін сайлап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астана уақыты бойынша таңғы жетіде республикада сайлау учаскелері ашылды. Олар 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ел президенттігіне қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, коммунистер партиясының атынан шыққан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов үміткер болып отыр. Осыған дейін барлық үміткерді Орталық сайлау комиссиясы тіркеген болатын. Олар мемлекеттік тілді білу бойынша лингвистикалық комиссиядан өтіп, 93 мың сайлаушының қолын жинағаннан кейін сайлауалды насихат жұмыстарына кіріскен болатын.  

Айта кетейік, президенттікке үміткерлерді ұсыну осы жылдың 26 ақпанынан 15 наурызына дейін жалғасты. Осы кезең бойынша Орталық сайлау комиссиясына сайлау процесіне қатысуға үміткерлерден 27 өтінім келіп түсті. Олардың басым бөлігі түрлі себептермен президенттікке үміткер куәлігін ала алмады. Біреулер мемлекеттік тілді білу бойынша лингвистикалық комиссияның емтиханына келмесе, кейбірі одан өте алмады. Өзін-өзі ұсынған тағы біреулер өтінімдерін қайтарып алды. Екі адам 40 жасқа толмағандықтан, олардың өтініштері қабылданбады. Сайлауалды жарысқа зейнеткерлер, жұмыссыздар, жүргізушілер, инженер-құрылысшы, жанармай құю бекетінің директоры, әскери қызметкер, тілші, мұғалім және кәсіпкерлер түскісі келді. Екі әйел Қазақстан президенті болғысы келді, олар - өзін-өзі ұсынушылар: Лимана Қойшиева - "Рухани қоғам әлемі" Қоғамдық қорының президенті және Айгүл Өтепова - жұмыссыз. Біріншісі мемлекеттік тіл емтиханынан сүрінбей өтсе де тіркеуге қажетті барлық құжаттарды ұсына алмады, ал екіншісі емтиханға тіпті де келмеді.  

Айта кетейік, сайлауға түсуге өтінім бергендердің ішінде мұның алдындағы сайлауға түскен Мэлс Елеусізов ("Табиғат" экологиялық одағының басшысы), Уәлихан Қайсаров және Амантай қажы Асылбек те болды 

Осы жылдың 20 сәуірінде Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы "Шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын тіркеу туралы" қаулыны қабылдады. Жалпы көлемде ОСК 858 бақылаушыны тіркеді. Олардың 293-і - ЕҚЫҰ мүшесі, 410-ы ТМД елдерінен және 10-ы Шанхай әріптестік ұйымынан, 15-і - Түркі тілдес мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің өкілдері, 11 бақылаушысы - Түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, 3-еуі - Ислам әріптестік ұйымы өкілі және 37 елдің 116 қатысушысы. ҚР СІМ 37 елден келген БАҚ өкілдерінің 168 өкілін тіркеді. 

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауына үкімет резервінен 5,5 миллиард теңге қарастырылған.

Еске салайық, елде кезектен тыс президент сайлауының өтетіні жайлы жаңалық 14 ақпанда айтылды. Сайлауды өткізуге Қазақстан халқы ассамблеясы бастамашыл болған еді. Бұл бастаманы Парламенттің екі палатасы да қолдады. Депутаттар Мемлекет басшысына елде сайлау өткізуге рұқсат беру туралы өтініш жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVI съезінде Қазақстан президенттігіне билік партиясы атынан кандидаттыққа үміткер ретінде ұсынылды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети