15 қараша 2022 09:26

Қазақстандықтар есін жоғалтқан зейнеткердің туыстарын іздестіріп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: әлеуметтік желілерден алынған Фото: әлеуметтік желілерден алынған

Instagram әлеуметтік желісінде есін жоғалтқан зейнеткердің суреті тарап жатыр. Қазір ол Алматыда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.


Instagram әлеуметтік желісінде есін жоғалтқан зейнеткердің суреті тарап жатыр. Қазір ол Алматыда жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inaktau.kz сайтына сілтеме жасап.

Зейнеткер көрсеткен жеке куәлік Хасенов Есентай Шәмшиұлы атына берілген. Қарияның есінде қалған жалғыз ақпарат: ол Каспий теңізі маңында тұрады.

"Бәріңе сәлем. Ата үй маңында жүр, дәл жолдың бойында. Есін жоғалтқан, Каспий теңізі маңында тұратынын айтады. Сау. Репост жасап жіберсеңіздер, өтініш", - дейді жазба авторы.

"Алматыда. Сыртта өте суық, өте. Біреудің атасы жоғалып кетіпті. Табуға көмектесейікші", - дейді тағы бір қолданушы.

Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановты жұрт әлеуметтік желіде атаның туыстарын іздеуге көмектесуін сұрап белгілеп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети