1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар Instagram желісіндегі ақауларға шағымданып жатыр15 қараша 2017, 16:42

© pexels.com © pexels.com

Қазақстандықтар Instagram желісіндегі ақауларға шағымданып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желідегі ақаулар Астана уақыты бойынша шамамен 16.00-ден басталған. 

Сондай-ақ, Instagram stories-ке де кіру мүмкін болмай жатыр. Бірақ Facebook пен Youtube сияқты әлеуметтік желілер әдеттегідей жұмыс істеп жатыр.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомстводағылар техникалық жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ.