13 ақпан 2021 09:30

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алып жүруден босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фотоколлаж ©Tengrinews.kz Фотоколлаж ©Tengrinews.kz

Қазақстандықтар жүргізуші куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруден босатылды. Бұл құжаттарды ұмытып кеткенің үшін енді айыппұл салынбайды. Алайда автокөлік жүргізушісінде жеке куәлік немесе төлқұжаттың түпнұсқасы болуы керек. Бүгін, 13 ақпанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция көлік иесін ақпараттық жүйелер арқылы тексереді. Қызметтік планшеттерде "Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі" деген арнайы бағдарлама орнатылған, онда жүргізуші мен автокөлік жайлы барлық дерек: көлік кімге тиесілі, қандай тәртіпбұзушылықтар болды, техникалық байқаудан өткен және сақтандыру полисі рәсімделген уақыт. Бүгінде полицейлерде осындай 8 649 планшет бар.

Жеке басты куәландыратын құжаттарға Қазақстан азаматының төлқұжаты, жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жатады. Студенттік билет, қызметтік куәлік оларға жатпайды.

Бұл өзгеріс шетелдіктерге қатысты емес, олар бұрынғыша жүргізуші куәлігі мен төлқұжаттарын өзімен бірге алып жүруге міндетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети