Жапониядағы Diamond Princess круиз лайнерінен қазақстандықтардың барлығы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жапониядағы Diamond Princess круиз лайнерінен қазақстандықтардың барлығы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстанның Жапониядағы елшілігі бүгін Diamond Princess круиз лайнерінде қалған тағы екі азаматымыз құрлыққа шыққанын хабарлады. Қазір олар Токиодағы қонақүйледің бірінде. Осы кемеде болған барлық азаматымыз коронавирусқа тексерілді. Вирус табылған жоқ.
Олар ертең елге оралады. Айта кеткен жөн, Токиодағы біздің дипломаттар алғашқы күннен бастап қазақстандықтармен байланыс орнатып, барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетті", - деп хабарлады СІМ өкілі.
Карантин жарияланған Diamond Princess круиз лайнерінде қазақстандық екі әйел мен 8 және 12 жастағы екі бала болған.
Бұған дейін лайнердегі тағы екі қазақстандық коронавирусқа тексерілгені хабарланған.