11 шілде 2018 11:38

Қазақстандықтар көп ұшатын болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: unsplash.com Көрнекі сурет: unsplash.com

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері жолаушылар қозғалысының статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Азаматтық авиация комитетінің өкілдері жолаушылар қозғалысының статистикасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент келтірген мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының өсу қарқыны сақталып отыр.

"2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3 миллион адамға жетті, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға көп. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 миллион адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12 пайызға артып отыр" , - делінген ААК-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. 

Осы орайда, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 миллион болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23 пайызға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, биыл әуе компаниялары тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалып отыр. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30 пайыз, яғни 400 мың адам санын құрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети