03 қазан 2020 12:34

Қазақстандықтар Корея Республикасының құрылған күнімен құттықтады

Рахиля Тілеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Корея әр жылдың 3 қазанында Корея Республикасының құрылған күнін атап өтеді. Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі COVID-19 пандемиясына байланысты бүгінгі мерекені онлайн тойлауды ұйғарды және Кореяда өрт кезінде 10 адамды құтқарған қазақстандық Әлиақбар Юлдашев арнайы құттықтау тілегін жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Корея әр жылдың 3 қазанында Корея Республикасының құрылған күнін атап өтеді. Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі COVID-19 пандемиясына байланысты бүгінгі мерекені онлайн тойлауды ұйғарды және Кореяда өрт кезінде 10 адамды құтқарған қазақстандық Әлиақбар Юлдашев арнайы құттықтау тілегін жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок биыл Ұлттық мерекені атап өтуге бөлінген қаржы қайырымдылыққа жұмсалғанын атап өтті.

"Қазіргі коронавирус пандемиясына байланысты дипломатиялық қызметті толық атқаруға шектеулер бар. Алайда біз жыл сайын осы күні өтетін ресми қабылдаудың бюджетін қайырымдылық акцияларына жұмсауды жөн көрдік. Осылайша біз Қазақстан халқына жақын бола аламыз", - деді елші Ку Хонг-сок.

Дипломат кореялықтар қиын күнде Қазақстанға қоныс аударғанда қазақ халқы жылы қарсы алғанын атап өтті.

"1937 жылы корейлер Қазақстан жеріне көшуге мәжбүр болғанда қазақ халқы қиын кезеңге қарамастан, жылы әрі қамқорлықпен қарсы алды және біз өткізген қайырымдылық шараларында корей халқына көрсетілген көмек үшін алғыс айту деуге болады", - деп қосты ол.

Елшілік Корея Республикасының құрылған күніне орай арнайы бейнеролик түсірді. Онда елші мен ҚР сыртқы істер вице-министрі Шахрат Нұрышевтің ел үкіметі атынан құттықтауы бар. Сондай-ақ видеода Корея мәдениетіне қызығатын қазақстандық студенттер, Кореяның тәуелсіздігі үшін күрескен ардагерлердің ұрпағы және басқа сала өкілдері арнайы құттықтайды. 

Сонымен қатар Кореяда өрт болған кезде 10 адамды құтқарған қазақстандық Әлиақбар Юлдашевтың да жылы тілегі бар.

Видеоның анонсы елшіліктің ресми сайтында және Facebook, Instagram @friendsofkorea_kz желілерінде жарияланған. 

Сондай-ақ Нұр-Сұлтандағы Корей мәдени орталығы 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында корей фильмдерінің апталығын ұйымдастырды. "Дефолт" фильмін тегін осы https://kaz.korean-culture.org/kk/494/board/205/read/104541 сілтеме арқылы қарауға болады.

Кореяның Universal Ballet тобының өнерін 2-4 қазан аралығында осы https://kaz.korean-culture.org/kk/494/board/205/read/104538  сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Еске салайық,  Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі атынан Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (қарттарға қызмет көрсететін орталық) қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети