20 мамыр 2020 16:08

Қазақстандықтар коронавирустың белгілеріне жиі шағымдана бастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Әлихан Сариев Фото: Әлихан Сариев

Қазақстанда коронавирус симптомдарын айтып, дәрігерге өздері жүгінетіндер көбейді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда коронавирус симптомдарын айтып, дәрігерге өздері жүгінетіндер көбейді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде коронавирус инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке жүгінетіндердің саны артты. Мұндай адамдардың саны апта ішінде 40 пайызға өсті.  Өткен аптамен салыстырғанда 15 пайыздан 17,5 пайызға дейін ұлғайды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жүгінгендердің саны артқан.

Өздері дәрігерге келгендердің көбеюі - бәріміз карантин бітті және бұрынғы өмірімізге еш шектеусіз оралуға болады деп ойлап, профилактикалық шараларды сақтамаудың айғағы. Өкінішке қарай, көбі коронавирус инфекциясының қаупін елемейді. Бұл - өте тез жұғатын ауру, оның салдары ауыр болатынын ескерткім келеді", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте.

Еске салайық, бұған дейін ол Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатқанын айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети