14 наурыз 2023 09:32

Қазақстандықтар Көрісу күнін тойлап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

14 наурызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Көрісу күнін тойлайды. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


14 наурызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Көрісу күнін тойлайды. Бұл күні тұрғындар бір-бірін көктемнің келуімен құттықтап, ізгі тілектерін айтып, аға буын өкілдеріне құрмет көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүрлі "Амал мейрамы" немесе "Көрісу" күнін еліміздің батыс аймақтарынан басқа Сырдария, Қостанай, Торғай аймақтары, сондай-ақ Ресейдің Астрахань, Саратов, Самара, Орынбор облыстарының қазақтары кеңінен атап өтеді.

Қазақ тілінен аударғанда "көрісу" "бір-бірін көру" немесе "кездесу" дегенді білдіреді. Бұл күні бір-біріне қонаққа барып, көктемнің келуімен құттықтау әдетке айналған. Ертеде негізінен көшпелі өмір салтын ұстанған қазақтар ұзаққа созылған қақаған қыстан кейін көрші ауылдарды аралап, қыстан аман-есен шыққанына көз жеткізіп, жағдайын біліп, дала жаңалықтарын алмасып отырған.

Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов алғаш рет мерекеге 2019 жылы ресми мәртебе беруді ұсынды. Ол бұған дейін бұл күн еліміздің барлық өңірінде тойланса, түрлі себептермен өткен ғасырдың 1930 жылдарынан бастап бұл дәстүр кей жерлерде ұмытыла бастағанын баса айтты.

"Көрісу күні – бір өңірдің немесе тек қазақ халқының мерекесі емес. Оның шекарасы кеңейіп, қоғамдық өмірдегі рөлі артып келеді. Қазір шетелдегі азаматтарымыз да бұл күнді тойлап жатыр", - деді Сенат депутаты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети