13 қаңтар 2017 14:32

Қазақстандықтар шамамен 6 мың ескі көлік өткізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© util-avto.ru © util-avto.ru

Қазақстандықтар шамамен 6 мың ескі көлік өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар шамамен 6 мың ескі көлік өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда 2016 жылдың 21 қарашасынан 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін ӨКМ операторы (өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы) 5665 автокөлік құралын қабылдаған.

Ескі көліктерді өткізу бойынша Шымкент қаласы көш бастады. Онда бір ай ішінде 764 көлік қабылданған. Ал 2-орында Қостанай тұр. Қостанайда 688 ескі көлік өткізілген. Осылайша алғашқы үштікті 496 көлік өткізген Алматы қаласы қорытындылады.

Айта кетейік, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ескі көліктерге берілген өтемақы сомасы 138 мың теңге болған.

Өткізіліп жатқан ескі көліктердің қатарында "ВАЗ-2105", "ВАЗ-2106", "ВАЗ-2101", "ГАЗ 3110", "Москвич-2140" және "Mazda 626" көліктері бар. Ал қабылданған ең ескі көлік түрі - 1948 жылы шыққан "Москвич" екен. Ол көлік Орал қаласында өткізіліпты. Жалпы, өткізіліп жатқан автокөліктердің орта жасы 25-30 екен.

Еске салайық, бұл бағдарлама екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңі 2016 жылдың қазан айынан бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезде тек жеңіл көліктер қабылданатын болады. Ал бағдарламаның екінші кезеңінде, яғни 2017 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін автобустар, шағын автобустар және жүк көліктері қабылданатын болады.

Кейін ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлей отырып, автокөліктерді толықтай қайта шығаратын бірнеше зауыттың салынатыны жайлы айтқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети