Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанда жеке медициналық (санитарлық) кітапшаның электрон форматы енгізілді. Енді қазақстандықтар медициналық тексеру нәтижелерін және санитарлық кітапшасына қатысты мәліметтерді E-Densaulyk сервисі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасынан ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартып, терапевтке қайталап бару қажеттілігін жояды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жеке медициналық (санитарлық) кітапшаның электрон форматы енгізілді. Енді қазақстандықтар медициналық тексеру нәтижелерін және санитарлық кітапшасына қатысты мәліметтерді E-Densaulyk сервисі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасынан ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартып, терапевтке қайталап бару қажеттілігін жояды., - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық кітапша дайын болған кезде азаматтарға 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді.

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы ақысыз тексере алады. Бұл санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетіп, мүмкін болатын қателердің алдын алуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, электронды жүйе 15 санаттағы қызметкерлерді қамтиды. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану, дәріхана, санаторий қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету саласының мамандары мен медицина қызметкерлері бар. Бұл санаттағы мамандар жылына бір рет немесе алты ай сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс.

"Жеке медициналық кітапшаларды электронды форматқа көшіру арқылы оларды алу және тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңай әрі жылдам болды", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық анықтамалардың, оның ішінде медициналық кітапшалар мен еңбекке жарамсыздық парақтарының 8 түрін қағаз түрінен электронды форматқа ауыстыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer