25 сәуір 2020 16:32

Қазақстандықтар транзиттік рейспен Польшадан орала алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Польшадан транзиттік рейспен орала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтар Польшадан транзиттік рейспен орала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Польшадағы елшілігі әлеуметтік желідегі парақшасында үйіне оралғысы келетін отандастарымызға өтініш беру керектігі туралы хабарлама жариялады.

"Қазақстанның Польшадағы елшілігі "LOT Polish Airlines" авиакомпаниясымен келіссөздер жүргізгенін және қазіргі уақытта Польшада жүрген Қазақстан азаматтарын елге жеткізу туралы келісімге қол жеткізгенімізді хабарлаймыз. 29 сәуірдегі транзиттік рейс Варшава-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Польша уақытымен сағат 18:35-те ұшып, астанаға Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 03.20-да жетеді", - деп хабарлады елшілік өкілдері.

Хабарламада билет құны 112-122 мың теңге екені жазылған.

Бұл рейске тіркелгісі келетіндер Google form толтыруы керек. Оны 27 сәуір 15.00-ге дейін толтыру қажет. Содан кейін құжат қол жетімді болады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети