21 маусым 2024 11:58

"Қазақстандықтарды жақсы түсінемін": еңбек министрі демалыс күнінің алып тасталуы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Осы айда Құрбан айтқа байланысты қосымша демалыс күні болмады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова демалыс күнінің алып тасталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Осы айда Құрбан айтқа байланысты қосымша демалыс күні болмады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова демалыс күнінің алып тасталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Светлана Жақыпованың айтуынша, бастапқыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Құрбан айт 17 маусымда басталатыны туралы ақпарат берген.

"Мен қазақстандықтарды жақсы түсінемін. Жылдың аяғында мереке күндерін анықтауға қатысты барлық мемлекеттік органдардан (ақпарат – еск.) сұраймыз. Соның ішінде ҚМДБ-дан да. Олар бізге Құрбан айттың бірінші күні 17-сі болатыны туралы ресми түрде ақпарат берді", - деді министр Мәжіліс кулуарында.

Бұл ретте, шенеуніктің айтуынша, ҚМДБ хатында бұл күн Ай күнтізбесіне байланысты ауысуы мүмкін екені туралы ескерту болған.

"Сондықтан Құрбан айттың басталуына екі апта қалғанда, айттың бірінші күні 16 маусым болатыны туралы ресми хат алдық. Бұл күн демалыс күніне сәйкес келді", - деп түсіндірді Жақыпова.

Журналистер Еңбек министрлігі басшысынан келесі жолы дәлірек болжам жасауға бола ма деп сұрады.

"Ай күнтізбесі мен күнтізбені біз жасамаймыз ғой. Алдын ала білмедік", - деп жауап берді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети