Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© kleinburd.ru © kleinburd.ru

Мессенджерлер арқылы таратылған белгісіз жәндіктің суретіне қатысты энтомолог маман пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мессенджерлер арқылы таратылған белгісіз жәндіктің суретіне қатысты энтомолог маман пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Биология ғылымдарының докторы, "Зоология институты" РМК-ның зоология зертханасының қызметкері Перизат Есенбекова, суреттегі жәндік Belostomatidae тұқымдас су қандаласы екенін айтады. Бұл ең ірі жәндіктер қатарынан саналады, оның ұзындығы 10 сантиметрге дейін жетеді. 

Сарапшы маман бұл жәндіктің өлімге әкелетінін жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл жәндік балықпен және шабақтарымен қоректенеді. 

"Бұл қандала адамдарды суға түскен кезде аяқтан немесе бақайларынан шағады. Дегенмен ол улы емес, бірақ, ауыртатынын айту керек. Олар өзінен ірі қарсыласпен бетпе-бет келгенде, соның ішінде адаммен айлаға көшіп, өлген бола қалады", - деп түсіндірді Есенбаева. 


© әлеуметтік желіден

Маман бұл жәндіктер Қазақстанда мекен етпейтінін атап өтті. 

"Қазақстанда кездеспейді, Оңтүстік Африка, Шығыс Азия, Оңтүстік Шығыс Азия, Қытайдың солтүстік шығысында, Корея және Жапонияда, сонымен қоса, бұл жәндіктің тұқымдастары Солтүстік Америкада мекендейді", - дейді биолог. 

Есенбаева қазақстандықтарды үрейлендірген бұл жәндіктің түрі бізге таңсық болғанымен, мұндай тұқымдастар үшін қалыпты болып келетінін айтады. 

"Аналығы аталығының арқасына жұмыртқалайды. Ол жерде ұзақ уақыт (10-12 күн) жүріп, жетіледі", - дейді Перизат Есенбаева. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer