Қазақстандықтардың 22 миллиард теңге айыппұлы кешірілді: амнистия бойынша алғашқы қорытынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтардың 22 миллиард теңге айыппұлы кешірілді: амнистия бойынша алғашқы қорытынды Сурет © Tengrinews.kz / Надежда Лыкова

Амнистия бойынша 590 мыңнан аса қазақстандық әкімшілік айыппұлдардан босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.


Ведомство 1 шілдеде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай жарияланған амнистия туралы Заңға қол қойғанын еске салып, қанша азаматтың әкімшілік жазадан босатылғанын мәлімдеді.

Амнистия шамамен 590 мың адамды қамтыған. Оларға қатысты 1,3 миллионнан аса әкімшілік өндіріп алу тоқтатылып, жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын айыппұлдар есептен шығарылды.

"Амнистия – бір реттік ізгілік шарасы. Ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Егер азамат қайтадан құқық бұзса, ол заң талаптарына сәйкес толық жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өзгелердің құқықтарын құрметтеуге шақырады. Құқық бұзушылық жасамау – жауапкершіліктен сақтанудың ең дұрыс жолы. Ал "Заң және тәртіп" қағидатын сақтау – қауіпсіз әрі әділетті қоғамның басты негізі", - деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Мұрат Қабденов.

Қазақстандықтардың миллиардтаған айыппұлы кешіріледі: Тоқаев рақымшылық туралы заңға қол қойды

Алғашқы әкімшілік рақымшылық

Әкімшілік айыппұлдардан босатылды:

  • азаматтар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • нотариустар;
  • адвокаттар;
  • жеке сот орындаушылары;
  • заң кеңесшілері.

Әңгіме заң өз күшіне енген сәтте өтелмеген және уәкілетті органдардың құзыретіне жататын айыппұлдар туралы болып отыр.

Бұл ретте рақымшылық мыналарға қолданылмайды:

  • соттар салған айыппұлдар;
  • азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдар.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған әкімшілік амнистия Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан аса бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатады.

Амнистияның (қылмыстық болсын, әкімшілік болсын) біржолғы сипатқа ие екенін атап өту маңызды. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда, амнистияға іліккен тұлғалар жалпы негізде жауапкершілікке тартылады.

Бұған дейін біз рақымшылықтың кімдерге қатысты болатынын, қандай айыппұлдарды автоматты түрде есептен шығару жоспарланып отырғанын, Қуандық Бишімбаев пен Перизат Қайрат жаза мерзімін қысқартудан дәмелене ала ма, сондай-ақ биліктің неге рақымшылықты дәл қазір өткізуді ұйғарғанын егжей-тегжейлі айтқан болатынбыз. Толығырақ – мына сілтемеде.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +23
Ақтау +29
Ақтөбе +21
Атырау +27
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +25
С
Семей +25
Т
Талдықорған +27
Тараз +33
Түркістан +21
О
Орал +24
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер