31 қаңтар 2020 19:52

Қазақстандықтарға 20-дан аса елге барудан бас тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирус таралуының онлайн-картасы Коронавирус таралуының онлайн-картасы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус жұғу дерегі тіркелген елдерге барудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға коронавирус жұғу дерегі тіркелген елдерге барудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің азаматтарымызға ҚХР-ға, сондай-ақ коронавирустық инфекция тіркелген 23 елге баруды ұсынбаймын. Жалпы, осы кезеңде халықаралық саяхаттарды шектеуді ұсынамыз", - деді Біртанов ОКҚ брифингінде.

АҚШ-та Джонс Хопкинс атындағы университет жүргізетін коронавирус таралуының онлайн-картасының мәліметтері бойынша, ауру құрлықтық Қытайда, Таиландта, Гонконг, Жапония, Сингапур, Аустралия, Тайвань, Малайзия, Макао, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, БАӘ, Канада, Италия, Вьетнам, Камбоджа, Финляндия, Үндістан, Непал, Филиппин және Шри Ланкада тіркелген.

Ресей мен Ұлыбританияда да коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети