08 қаңтар 2021 14:02

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келді - министрлік хабарламаға түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта берілетіні туралы SMS келген. Хабарламалар туралы Желі қолданушылары жазды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта берілетіні туралы SMS келген. Хабарламалар туралы Желі қолданушылары жазды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкілдері жағдайға түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар 42 500 туралы хабарламаны Facebook-тегі "Астана - Что? Где? Когда?" тобында жариялады.

Пікірлер арасында автордың сөзін растағандар бар.

"Маған да келді. Сонда бұл қалай, алты айдан кейін кешігіп тұр ма әлде шілдеге дейін күтесіз бе? Мен 42 500-ді мүлде алғам жоқ. Не алаяқтық, белгісіз", - деп жазды Жанель Ки.

"Маған да келді, неге екені белгісіз, төтенше жағдай аяқталды ғой", - деді Бибігүл Болатқызы.

"Жұмыста әріптесіме де келіпті", - деді Қазыбек Барманбеков.

Ал Цифрлық даму министрлігі техникалық қателік кеткенін хабарлады. 

"Түнде жүйелерді жаңарту бойынша әдеттегі жұмыстар жүргізілген, содан төлемдерді тағайындау туралы ескі хабарлама жіберіліп кеткен. Ол байланыс операторларының 400 мың абонентіне жіберілді. Жағдай адам қателігінен болып отыр. Ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, түсінік танытқандарыңыз үшін рақмет", - деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Анар Мағзұмова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети