24 мамыр 2021 16:09

Қазақстандықтарға Amazon-да сауда жасауға рұқсат етілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Орталық Азия елдерінің сатушылары енді ірі америкалық Amazon электрон коммерция платформасында сауда жасай алады. Компания сатушылар тіркеле алатын елдердің тізімін жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amazon-ның жаңартылған тізіміне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кірді. Пайдаланушылар сайтта тауарларын сату үшін аталған елдердің тұрғыны болуы керек және жарамды телефон нөмірі мен халықаралық төлем картасы болуы шарт.

Бұған дейін Қазақстан тұрғындары үшін платформада тауар сату функциясы жабық болған.

Amazon (Amazon.com, Inc.) - халықаралық электрон саудамен айналысатын америкалық ірі компания. Штаб-пәтері - Сиэтлде орналасқан. Оның негізін Джефф Безос 1994 жылы 5 шілдеде қалаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети