Қазақстандықтарға несие бойынша көмек ұсыныла бастады: нені білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтарға несие бойынша көмек ұсыныла бастады: нені білу керек? Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жақында Қазақстанда бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымында мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға көмектесуге бағытталған жаңа цифрлық платформа іске қосылды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан аса борышкер берешекті ұжымдық реттеуге өтінім берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Fingramota.kz-ке сілтеме жасап.


Осыған байланысты өтінім беруге көмектесетін, рәсімдеу процесін сүйемелдеуді ұсынатын, тіпті өтінімнің тезірек қаралатынына немесе міндетті түрде мақұлданатынына уәде беретін делдалдар пайда болды.

"Есіңізде болсын: өтініш finkelisim.kz ресми сайты арқылы беріледі, ал делдалдар кредиторлардың шешіміне немесе реттеу шарттарына әсер ете алмайды. Құжаттарды, растау кодтарын және жеке кабинетке кіру мәліметтерін үшінші тұлғаларға бермеңіздер", - деп ескертілді қазақстандықтарға.

Еске салайық: платформаны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Бірінші кредиттік бюромен бірлесіп, банк және микроқаржы омбудсмендерінің негізінде әзірлеген. Ол борышкерлерге әрбір қаржы ұйымына жеке-жеке жүгінбей, барлығына ортақ бір ғана өтініш беруге мүмкіндік береді, соның негізінде 5 жылға дейінгі мерзімге ортақ төлем кестесі (ал халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін — 7 жылға дейін) кесте жасалады. Келісімшарт қолданыста болған уақытта берешекті өндіріп алу тоқтатыла тұрады. Өтінішті қалай беруге болатыны туралы мына жерден оқыңыз.

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +17
Астана +22
Ақтау +28
Ақтөбе +26
Атырау +32
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +29
П
Павлодар +20
Петропавл +23
С
Семей +17
Т
Талдықорған +27
Тараз +33
Түркістан +30
О
Орал +27
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер