1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандықтарға тау мен ұлттық саябақтарға баруға рұқсат етіледі26 тамыз 2020, 17:10

Фото: Facebook.com/ilealatau Фото: Facebook.com/ilealatau

Қазақстандықтарға 31 тамыздан бастап тауға шығуға және ұлттық табиғи саябақтарға баруға рұқсат етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды: Қазақстанда тағы карантин жеңілдетіледі.

"Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және 15 адамнан аспайтын ұйымдасқан топтар үшін әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр қашықта, бетперде тағу қажет);

Еске салайық, бүгін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!