13 маусым 2024 10:33

Қазақстанға әкелінген қызанақтан қауіпті вирус табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанға Ресейден әкелінген қызанақтан вирус табылды. 500 келі болатын бүкіл партия жойылуы керек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының Орал аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен межелі орнында екінші қайтара тексеріс жүргізу барысында, Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан - қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталған.

"Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды. Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жоюға жатады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети