Қазақстанға аптап қайта оралады: 26 мамырға арналған ауа райы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға аптап қайта оралады: 26 мамырға арналған ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" сейсенбі, 26 мамырға арналған еліміздің қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды. Оңтүстікте 33 градусқа дейін аптап күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте жауын-шашын, найзағай және екпінді жел болжанады, батыста шаңды дауыл мен тұман болуы мүмкін. Шығыста негізінен жауын-шашынсыз әрі салқын ауа райы сақталады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қалалар бойынша ауа райы

Астана - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Алматы - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Түркістан - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Қонаев - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Талдықорған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.

Қызылорда - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градус жылы.

Тараз - көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Ақтау - көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 7-12, күндіз екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.

Атырау - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, түнде 0-5, күндіз 7-12, екпіні 15-18 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Орал - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батысқа қарай 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Ақтөбе - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 4-9, күндіз екпіні 12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің бағыты құбылмалы, түнде 2-7, күндіз 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы.

Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, түнде 2-7, күндіз 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.

Қостанай - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 7-12 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 30-32 градус жылы.

Көкшетау - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Петропавл- көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Жел оңтүстіктен, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 15-20 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 29-31 градус жылы.

Павлодар - көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел батыстан 9-14 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы.

Семей - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 5-10 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы.

Өскемен - аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 4-9 метр/секунд. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері сейсенбі күні Шымкентте және 15 облыста дауылды ескерту жариялаған болатын, толығырақ – материалда.

Тағы оқыңыз: Қазгидромет Астана, Алматы және тағы бес қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +24
Ақтау +24
Ақтөбе +20
Атырау +25
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +24
С
Семей +25
Т
Талдықорған +30
Тараз +34
Түркістан +15
О
Орал +20
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер