29 шілде 2021 10:40

Қазақстанға еңбек мигранттары көбіне қай елдерден келеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанда 15 мыңнан аса шетелдік ресми жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстанда 15 мыңнан аса шетелдік ресми жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат - басшылар және олардың орынбасарлары (651 адам), екінші санат - құрылымдық бөлімше басшылары (3 281 адам). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатына жатады - тиісінше 7 600 адам және 410 адам.

Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға - 1 939 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде - 1915 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 793 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 484 мың Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 97 пайызы. Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер: Қытай - 3 782 адам, Өзбекстан - 1 953 адам, Түркия - 1 633 адам, Үндістан - 1 051 адам, Венгрия - 992 адам, Ұлыбритания - 959 адам.

Айта кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31 пайыз немесе 29,3 мың болды.

Бұған дейін қазақстандық әуекомпанияларда 193 шетелдік ұшқыш жұмыс істейтіні хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети