18 қараша 2019 16:03

Қазақстанға қару-жарақ алып өтпек болған ресейлік ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл шекара жасағының "Жаңа жол" өткізу пунктінің шекара жасағы РФ-дан ҚР-ға Toyota Land Cruiser 200 автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Петропавл шекара жасағының "Жаңа жол" өткізу пунктінің шекара жасағы РФ-дан ҚР-ға Toyota Land Cruiser 200 автомашинасымен келе жатқан 1971 жылғы туған ресейлікті ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұстауға автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде табылған қару-жарақ арсеналдары себеп болды. Ұсталған жүктің толық тізімі: колиматорлық көздеуіші бар Remington 870 express қаруы - 1 дана, 366 калибрлі TG-2 қаруы - 1 дана, 12 калибрлі оқ-дәрілер - 49 дана, 366 калибрлі оқ-дәрілер - 62 дана, магазин - 2 дана, 10х22 калибрлі Grandpayer Т-10 травматикалық тапаншасы - 1 дана, тапаншаның оқ-дәрілері - 18 дана,  магазин - 2 дана. Ұсталған азамат табылған заттарымен бірге Мамлют аудандық полиция бөліміне тапсырылды", - делінген хабарламада.  

Сондай-ақ, Қостанай шекара жасағының "Қайрақ" өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға Audi автомашинасымен кетіп бара жатқан 1983 жылғы РФ азаматын ұстады. Ұстауға жеке тексеру кезінде табылған марихуана себеп болған. Ұсталған азамат Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Қорғас шекара бақылау жасағының ШЫХО өткізу пунктінде ШЫХО-дан ҚР-ға жаяу келе жатқан 1999 жылғы екі ҚР азаматы ұсталды. Олдардың қол жүктерінің ішінен Қытайда өндірілетін MONT маркалы 5000 дана темекі өнімдері табылды. Олар "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкеріне тапсырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети