Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанға келген Украина азаматтары мұнай мен банк саласында жұмыс істеуді қалайды

06 Наурыз 2015, 12:37
2
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Қазақстанға келіп жатқан украиналықтар мұнай мен банк саласында қызмет еткенді қалайды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Украина азаматтары өз елдеріндегі дағдарысқа байланысты Қазақстанға "ағылып" жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, Қазақстанда мұнай мен банк саласында маман тапшы, сондықтан сырттан келушілер арасында тап осы саладағы мамандардың қатары басым. Мысалы, солардың бірі  - украин Илья Мещенко. Ол Алматыға осы жылдың басында келіп, нарықты зерттеп, заңнаманы меңгерген, енді маркетингпен айналысатын компанияның өкілдігін ашуды ұйғарған.

"Қазақстан нарығына келіп жұмыс істеуіміздің бірден-бір себебі - ел экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты күннен күнге жақсарып келеді. Оған қоса, бұқараның Интернет-бизнеске деген қызығушылығы жоғары. Сондай-ақ, Қазақстандағы ірі компаниялар интернет арқылы жарнама жасау үшін көп қаражат құюдан қорықпай, тәуекелге бара біледі", - дейді ол.

Кадрлық агенттік мамандары украин азаматтарының Қазақстанды таңдауына екі фактор әсер етіп отырғанын түсіндірді. "Біріншіден, Украинадағы дағдарыс, екіншіден Украина мен Қазақстанның ішкі нарығы бір-біріне ұқсас келеді. Яғни, олар бізге келіп жұмыс істеуге тез үйреніп кетеді. Тәжірибесі мол мамандарды қазақстандық кәсіпкерлер дереу жұмысқа алып жатыр. Ал отандық және шетелдік мамандарға жалақы көлемі бірдей төленеді", - дейді рекрутингтік агенттіктің менеджері Әсел Шәкенова.

Дегенмен еңбек мигранттарының арқасында аймақтық және республикалық бюджет пайда көріп отыр. Себебі елімізде өзге елдің азаматтары кәсіпкерлікпен айналысса, табыстан түскен қаражаттың 15-20 пайызын салық ретінде төлеуге міндетті. Осы ретте бір Алматының өзінде 3 айда қала бюджетіне бейрезиденттерден 6 миллиард теңге қаржы түскен. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 1,5 миллиард теңгеге артық.

Еске сала кетейік, былтырдан бері еңбек иммигранттарының елімізге келіп жұмыс істеуі бір жүйеге келтірілген болатын. Енді сырттан келетін азамат әр ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде салық төлейді. 


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай